Төлепберген Байсақалов Лос-Анджелесте үздік актер атанды

🎬 Кино
15.11.2021
Просмотров: 307

Қазақстандық актер «От» фильміндегі үздік рөлі үшін Asian World Film Festival кинофестивалінде марапатталды.

Кинокартинада қарапайым адамның оқиғасы баяндалады. Толик (Төлепберген Байсақалов) — мегаполисте өмір сүріп, отбасын асырауға тырысып жүрген үлкен отбасының отағасы. Ол курьер болып жұмыс істейді, отбасын аз жалақыға асырай алмай, басқалар сияқты несие алып, қарызға өмір сүруге мәжбүр. Бірақ қызына үлкен үміт артады. Бір күні жұмыстан оралып, күтпеген жерден Сәуленің жүкті екенін біледі. Бұл жаңалық қызының болашағына арналған жоспарларына әсер етеді. Кейіпкер жағдайды шешуге тырысып, басынан түрлі оқиғаларды өткереді.

Дереккөз: kaztengrinews 

Так же вам может быть интересно