Токио Олимпиадасының жүлдегері Елдос Сметовке екінші автокөлік табыс етілді
Аймақ басшылығы спортшының жетістіктерін жоғары бағалап, оның бүкіл елдің намысын абыройлы қорғағанын атап өтті.
«Жамбыл жерінен шыққан спорт саңлақтары аз емес. Солардың бірі де бірегейі – Елдос Сметов деп білеміз. Сенің жетістігің, спорттағы табыстарың – бүгінгі жас буынға үлгі-өнеге. Сен өзіңнің мықты спортшы екенінді тағы да дәлелдей түстің. Барша жанкүйерлердің үмітін ақтадың»
,- деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.
Ал, Сметовтың жаттықтырушысы Ғалымжан Жылгелдиевке 1 миллион теңгенің сертификаты табыс етілді. Еске салайық, Токиодан елге оралған қола жүлдегері Елдос Сметовке алғашқы көлікті әуежайдан күтіп алу рәсімінде тарту еткен еді. Айта кетейік, Олимпиаданың бірнеше жүлдегері сыйақыларын мұқтаж қазақстандықтарға таратып беретінін жариялады. Боксшылар Қамшыбек Қоңқабаев пен Сәкен Бибосынов және еркін күрестен қола жүлдегері атанған балуан Нұрислам Санаев сыйақыларын қайырымдылыққа жұмсайтынын айтты.
Дереккөз: Жамбыл облысының әкімшілігі