Токио Олимпиадасындағы төртінші медаль: Қамшыбек Қоңқабаев бокстан қола жүлдеге ие болды

Жартылай финалда 91 келіден жоғары салмақта қазақстандық спортшы АҚШ өкілі Ричард Торреспен кездесті.
Жекпе-жек үшінші раундта отандасымыздың жарақат алуына байланысты тоқтатылып, жеңіс Қоңқабаевтың қарсыласына бұйырды. Нәтижесінде, бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Токиодағы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды. Енді тағы бір қазақстандық боксшы — Сәкен Бибосынов (52 келі) ертең финал жолдамасы үшін сынға түседі.
Дереккөз: Olympic.kz
Фото: Сали Сабиров