Токио Олимпиадасы: Үшінші қазақстандық боксшы 1/8 финалға жолдама алды

⚽ Спорт
26.07.2021
Просмотров: 72

Сәкен Бибосынов Пуэрто-Рико өкілі Янкьель Ривера Фигероамен жұдырықтасып, қарсыласын 4:1 есебімен жеңді.

Айта кетейік, 29 жастағы Бибосынов — 2019 жылғы әлем чемпионаты мен 2021 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері. Еске салайын, бұған дейін қазақстандық боксшылар Серік Теміржанов пен Зәкір Сафиуллин 1/8 финалына өткен болатын. Бүгінге Токио Олимпиадасында Қазақстан қоржынында екі жүлде бар. Дзюдошы Елдос Сметов пен ауыратлет Игорь Сон қола медаль иеленді.

Дереккөз: Tengrinews

Так же вам может быть интересно