Токио Олимпиадасы: Қазақстандық палуан әлем чемпионын жеңіп, жартылай финалға шықты

Еркін күрестен 57 келі салмақ дәрежесінде Нұрислам Санаев Гвинея-Бисау спортшысы Диамантино Юна Фафені жеңді.
Ал ширек финалда Санаев Азия және әлем чемпионы, жапониялық палуан Юка Такахасиден басым түсті. Жартылай финалда Нұрислам 2019 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері үндістандық Кумар Равимен кездеседі. Жартылай финалдық бәсекелер Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 15:00-де басталады.
Дереккөз: Olympic.kz
Фото: НОК, Женис Ыскакбай