Токио Олимпиадасы: Қазақ балуаны Данияр Қайсанов ширек финалға шықты

Еркін күрестен 74 келідегі салмақ дәрежесінде ол египеттік Амир Реда Хуйсейнмен кездесіп, 8:5 есебімен жеңіске жетті.
Жартылай финалда Данияр Қайсанов әлем чемпионы, ресейлік Заурбек Сидаковпен кездеседі. Белдесу Нұр-Сұлтан уақытымен 15:00-ге жоспарланған. Еске салайық, кеше қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев ұлттық құраманың қоржынына төртінші қола медаль әкелді. Ал бір сағаттан кейін тағы бір қазақстандық боксшы — Сәкен Бибосынов финал жолдамасы үшін сынға түседі.
Дереккөз: Olympic.kz