«Tinder-дегі алаяқ» Саймон Леваев видео ашық хаттар сатып, үш күнде $30 мың ақша тапты
Netflix-те өзі туралы фильм шыққалы сымбатты алаяқ танымалдығын өз пайдасына қолданып жүр.
Шимон Хают (бұл оның шын есімі) арнайы сайтқа тіркеліп, онда ақылы видео құттықтаулар жолдап жүр. Бір видео ашық хаттың құны — $200. Ал бизнесті жарнамалаудың бағасы – $2 мың. Бұдан бұрын Саймон Леваев Голливудта мансап жасауға бел буып, агентпен келісім шартқа тұрды. Еске салайық, өзін Саймон Леваев деп атайтын израильдік жігіт Tinder-де қыздармен танысып, оларды бірнеше миллион долларға алдап кеткен. Ол Netflix-те шыққан «Tinder-дегі алаяқ» фильмі арқылы танымал болды.
Дереккөз: TMZ