«Tinder-дегі алаяқ» Netflix-те көш бастаған алғашқы деректі фильм атанды

🎬 Кино
09.02.2022
Просмотров: 178

Деректі фильм бір аптада 46 миллионға жуық қаралым жинап, 92 ел рейтингінде ТОП ондыққа кірді.

«Tinder-дегі алаяқ» фильмі Израиль тумасы Шимон Хаютқа алданып қалған нәзік жандардың куәліктеріне негізделген. Сымбатты жігіт танымал танысу қосымшасында өзін «алмаз королінің» мұрагері Саймон Леваев деп атаған. Ол қыздарды алдап-арбап, соңында қарызға батырған. Жалпы алаяқ оларды 10 миллион долларға сан қақтырды. Қазір жігіт жазасын өтеп, бостандыққа шыққан. Тіпті ол туралы фильм шықпай тұрып, қыздармен танысуды жалғастырып келген.

https://www.youtube.com/watch?v=_R3LWM_Vt70

Дереккөз: Deadline 

Метки: Netflix Tinder

Так же вам может быть интересно