Тина Кароль Алматыдағы Жасыл Базарды аралап шықты
Украиналық әнші жергілікті колоритпен танысып, тәтті бал мен жеміс-жидекті сатып алды.
Ал, жанкүйерлер: «Әдеттегідей базарға барсам, онда Тина Кароль жүр!» — деп таңғалып жатыр. Украиналық жұлдыз Алматыға өзінің «Красиво» атты жаңа альбомын жарнамалау үшін келген. Ол Қазақстанда бір апта болмақшы. Айта кетейік, ертең Тина Кароль Люкс ФМ-ның қонағы болады!