Тime журналы Дональд Трампты «Жыл адамы» деп атады
Шорт-параққа АҚШ президетінен басқа Илон Маск пен Кейт Миддлтон кірді.
«2024 жылы таңдау қиынға түскен жоқ»,
— деп түсіндірді журналдың бас редакторы Сэм Джейкобс. Трамп ел тарихындағы ең қарт президент және қылмыстық іс бойынша кінәлі деп танылған АҚШ-тың жалғыз басшы. Еске салсақ, Дональд Трамп 2016 жылы Time журналының жыл адамы атанған болатын. Time редакторлары 97 жыл бойы жыл адамын таңдап келеді: бұл соңғы 12 айда әлемге ықпал ете білген, тақырыбымен көптің назарын аудара білген адамдар.
Дереккөз: Қазақпарат