Тимати 1,5 жастағы баласына 770 ат күші бар Lamborghini сыйлады
![тимати сын](https://luxfm.kz/wp-content/uploads/2021/05/timati-syn.jpg)
Негізі ресейлік рэпер ұлына екі көлікті сыйға тартты. Біреуі – осы жазға арналған ойыншық электрокар, ал екіншісі – өскенде айдайтын Lamborghini Aventador SVJ. Бұл туралы хабармен 37 жастағы рэпер Инстаграмдағы жазылушыларымен бөлісті.
![тимати сын2](https://luxfm.kz/wp-content/uploads/2021/05/timati-syn2-300x143.jpg)
V12 қозғалтқышымен жабдықталған спорткар 100 километрге дейін 2,9 секунд ішінде жетеді. Оның максималды жылдамдығы – сағатына 350 км. Ал бағасы 102 млн теңгеден басталады. Еске салайық, Тимати мен 25 жастағы модель Анастасия Решетованың Ратмир есімді ұлы былтыр дүниеге келді.