Tesla-ның құны алғаш рет $1 трлн-ға жетті

🌐 В мире
26.10.2021
Просмотров: 117

Илон Масктың компаниясы өз тарихындағы ең ірі тапсырыс алғаннан кейін осындай көрсеткішке жетіп отыр.

Hertz атты автомобильді жалға беру компаниясы Tesla-ға 100 мың электрокарға тапсырыс берді. Нәтижесінде компания акциялараның құны 12%-ға өскен. Ал Масктың 23% үлесінің құны қазір 230 миллиард долларға бағаланып отыр. Еске салайық, жақында талдаушылар Илон Маск әлемдегі алғашқы триллионер атанады деген болжам жасады. Бүгінде 50 жастағы миллиардер әлемдегі ең бай адамдар рейтингінде көш бастап тұр.

Дереккөз: Reuters 

 

Метки: Tesla Илон Маск

Так же вам может быть интересно