Тарихта алғаш рет: Ғарышта Олимпиада ойындары өтті
Екі командаға бөлінген 7 ғарышкер спорттың 4 түрінен өнер көрсетті: «еденсіз гимнастика», «қол тигізбей ойнайтын гандбол», «ғарыштық синхронды жүзу» және «гравитациясыз ату». Бұл туралы француз астронавты Тома Песке Twitter парақшасында айтты.
«Еденсіз гимнастикада» жаттығуларды жасау кезінде спортшының денесі еденге немесе басқа жерге тиіп кетпеуі шарт. Ал, «қол тигізбей ойнайтын гандболда» спортшылар шарды қақпаға дем арқылы, үрлеп салулары керек болды. Еске салайық, Токиодағы Олимпиада ойындары 8 тамызда аяқталды. Қазақстан сегіз қола медаль жеңіп алды.