Тарихи қадам: «Қазақстан аруы» сұлулық байқауында жасқа байланысты шектеу алынып тасталды

👠 Мода и стиль
30.05.2024
Просмотров: 5011

Енді ұлттық сұлулық байқауға 18 жастан асқан барлық бойжеткен үміткер бола алады.

Қалған шарттар өзгеріссіз қалады: қатысушылардың бойы 165 см-ден кем емес, тұрмыс құрмаған және баласы болмауы керек, сондай-ақ Қазақстан азаматшасы болуы да міндетті. «Қазақстан аруы» ұлттық сұлулық байқауы халықаралық конкурстардың жаңашылдығын қолдап отыр. Еске салсақ, Аргентинада 60 жастағы юрист және журналист «Буэнос-Айрес аруы» атағына ие болды. Ұлттық байқауда жеңіске жетпесе де, «Ең тартымды келбет» титулын алды.

Дереккөз: Қазақпарат 

Фото: Instagram/@missqazaqstan.official

Так же вам может быть интересно