Тарихи алтын: Тұңғыш рет қазақстандық каратэші әлем чемпионы атанды

⚽ Спорт
30.10.2023
Просмотров: 294

26 жастағы Мөлдір Жаңбырбай Венгрия астанасы Будапаштте өтіп жатқан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

Қазақстандық спортшы финалда италиялық қарсыласын тізе бүктірді. Оған дейін жартылай финалда әлем рейтингінің көшбасшысы Венесуэла каратэшісін айқын басымдықпен жеңіп, сенсация жасаған еді.  Мөлдір небәрі бір айдың ішінде екі жүлдеге ие болды. Әлем біріншілігінің алтынын алмас бұрын, Мөлдір Ханчжоуда өткен Азия ойындарында күміс жүлдеге ие болған еді, деп хабарлайды Nur.kz.

Фото: Olympic.kz.

Так же вам может быть интересно