Танымал клипмейкер Айсұлтан Сеитов дебюттік фильмінің постерін жариялады

🎬 Кино
02.12.2021
Просмотров: 239

Жас режиссер 2014 жылы Нью-Йорктегі кино академиясына түскенін, ал 2022 жылы дебюттік фильмін шығаратынын ойлап, толқып отырғанын жасырмайды.

«Біз командамен көп жұмыс жасаймыз. Енді нәтижесін көрсетуге асықпын. Кейінгі кезде сезімтал болып кеттім. Көп нәрсені қайта ойластырудамын»,

— деп жазды Айсұлтан Instagram-дағы парақшасында. «Қаш» фильмінде Бауыржан Момышұлын ойнаған актер Еркебұлан Дайыров басты рөлді сомдайды. Премьера келесі жылға жоспарланған. Еске салайық, Айсұлтан Сейітов Travis Scott, Скриптонит, Иван Дорн, Jah Khalib сияқты әртістердің клиптерін түсіріп, танымал болды.

 

Так же вам может быть интересно