Таңғажайып оқиға: Комада жатқан британиялық бойжеткен сүйіктісі үйленуге ұсыныс жасағаннан кейін есін жиды

🌎 Жизнь
19.08.2021
Просмотров: 114

Лондон тұрғыны Кристин Смит ауруханадағы жансақтау бөлімінде жасанды тыныс алу аппаратымен жатты. Дәрігерлер қыздың жігіті Марк Сквирске қоңырау шалып, ауруханаға жағдайы нашар болғандықтан келуін сұраған.

Ер адам соңғы мүмкіндігін сынап көруді жөн көріп, комада жатқан қызға үйлену туралы ұсыныс жасады. Бұған жауап ретінде кенеттен науқас оянады. Кристин өзінің комада жатқанын да, қай күн екенін де есіне түсіре алмады. Тек барлық медбикелердің шапалақтап тұрғанын көрген. Енді жұп үйлену тойына дайындалуда.

Дереккөз: Mirror

Фото: ChronicleLive

Так же вам может быть интересно