Таиландта лотереядан 272 миллион теңге ұтып алған монах ақшасын халыққа таратып берді
47 жастағы ғибадатхана қызметшісі ұтысын көшедегі сатушыларға, сондай-ақ мектептерге, және басқа да мұқтаж жандарға таратқан.
Тай монахының мейірімділік әрекеті әлеуметтік желілерде қызу талқыланды. Себебі, лотерея құмар ойынына теңеледі және діни қызметкерлеріне ұтыс ойындарына қатысуға тыйым салынған. Алайда монах тек мұқтаж адамдарға көмектескісі келгенін айтып, өзіне бір тиын да қалдырмайтынын жеткізді.
Дереккөз: Asiaone