Таиланд туристер үшін қаңтарда ашылады
Келесі жылдың басынан барлық провинцияларда туристерге карантин де, басқа шектеулер де қолданылмайды. Ал Бангкок шетелдік саяхатшылар үшін қарашадан бастап ашық болады.
Жергілікті биліктің мәліметінше, провинцияларды ашудың басты шарты — жергілікті тұрғындарды вакциналау. Ол неғұрлым тез жүрсе, қалалар соғұрлым тезірек шетелдік туристерді қабылдайды.
Дереккөз: Tourdom