Түркістанда хан көтеру рәсімі өтті
Тарихи қойылым Музей түніне орай Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде орын алды.
Белгілі ғалым Левшиннің деректеріне сүйенсек, Абылайды қазақтың бас ханы етіп көтеру рәсімі 1771 жылы Түркістанда өткен. Оған Ұлы, Орта және Кіші жүз хандары мен сұлтан-билері, батырлар, «ташкенттіктер мен түркістандықтардың» таңдаулы өкілдері қатысқан. Және бұл салтанат Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде өткізілген. Дәл осы рәсім өткен күні халық алдында қойылды. Айта кету керек, тарихи реконструкция көптеген елдерде өткізіледі. Мәселен, Ресейде «Бородино» шайқасы, Украинада «Полтава соғыс даласы» көріністері танымал.
Дереккөз: Қазақпарат