Сымсыз құлаққапқа арналған кір жуғыш машина шығарылды
![earbuds washer](https://luxfm.kz/wp-content/uploads/2021/04/earbuds-washer-e1618228497644.jpeg)
Cardlax Earbuds Washer атты құрылғы айналмалы щеткамен жабдықталған.
Ол қолжетімдігі қиын жерлерді кірден 2 минуттың ішінде оп-оңай тазалап шығады. Жиынтыққа арнайы тазалағыш спрей кіреді. Мини кір жуғыш машинаның құны 33 доллар (шамамен 14 мың теңге). Құрылғыны шығарушылар тазаланған құлаққап сатып алған күндегідей жап-жаңа болып шыға келеді деп отыр!