SuperStarKz финалисі «Түркия дауысында» барлық тәлімгерді өзіне қаратты

🎼 Музыка
11.10.2021
Просмотров: 313

Көрмей тыңдау кезеңінде Мария Думан мексикалық әнші Джульета Венегастың Me Voy әнін орындап, төрт тәлімгерді өзіне қаратты.

Талқылаудан кейін ол танымал әнші Мұрат Боздың командасын таңдады. Мария Думан Superstar KZ жобасының төртінші маусымында финалистердің ондығында өнер көрсетіп, танымал болды. Содан кейін X-Factor жобасының жартылай финалына қатысушысы болды. Мария Думан «Қара шаңырақ», «Қыздар», «Шырмауық», «Көршілер» секілді телехикаялар мен фильмдерде басты рөлдерді сомдаған. Қазір ол Стамбулда жеке кәсіппен айналысады. Еске салайық, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары Аяна мен Диана Тайбековалар да осы жобада қатысуда. Бұдан бұрын өткен көрмеу қарау кезінде төрт тәлімгердің барлығы қазақстандықтарға бұрылды.

https://www.youtube.com/watch?v=vradE_O4aaQ

 

Дереккөз: Tengrinews 

 

Так же вам может быть интересно