Словакияда ұшатын автомобиль сертификациядан өтті

⌚ Lifestyle
26.01.2022
Просмотров: 83

Ол үшін Air Car автокөлігі 70 сағаттық қатаң сынақтардан өтіп, 200-ден астам ұшып-қону маневрін орындады.

Сырттай ұшатын көлік спорттық автомобильге ұқсайды. Ұшатын режимде оның қанаттары мен құйрығы пайда болады. Жылдамдығы сағатына 180 шақырымға жетеді. Былтыр жазда ол алғаш рет бір қаладан екінші қалаға ұшып өтті. Сапар 35 минутқа созылды. Болашақта Air Car жылдамдығы сағатына 300 шақырымға жететін және 1000 километр қашықтыққа ұшатын автомобиль шығармақшы.

Дереккөз: Sky News

Так же вам может быть интересно