Словакияда ұшатын автомобиль әлемде алғашқы болып қалааралық сапарға шықты
AirCar Нитра қаласының әуежайынан шығып, Братиславаға дейін 75 шақырым жолды 35 минутта ұшып өткен.
Автомобиль ұшаққа 2 минут 15 секундта айналады. Оның сыйымдылығы – 2 адам, ал жылдамдығы сағатына 170 шақырым. Көлік 2,5 километр биіктікте ұшады. Klein Vision компаниясы ұшатын автомобильді құрастыруға екі жыл жұмсаған.
Дереккөз: Daily Mail