Шымкентте қоғамдық көліктер 2 күн бойы тегін жүреді

🇰🇿 Новости Казахстана
20.03.2024
Просмотров: 263

 21-22 наурыз мереке күндері мыңға тарта қоғамдық көлік 77 бағытта жолаушыларды ақысыз тасымалдайды.

Сондай-ақ, Наурыз мерекесіне орай, 18 жасқа дейінгі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 20 АЕК, ал қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары мен 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға 5 АЕК мөлшерінде жыл сайынғы бір реттік әлеуметтік көмек беріледі.

Айта кетсек, Петропавлда 22 наурыз күні ұлттық киім киген азаматтар автобуспен тегін жүре алады. Сондай-ақ, Наурыз мерекесіне орай ай соңына дейін ұлттық нақыштағы пойыздар қатынайды.

Дереккөз: Қазақпарат

Фото: Pixabay

Так же вам может быть интересно