Шымкент әуежайында цифрлық жеке куәлік енгізілді

🇰🇿 Новости Казахстана
09.09.2021
Просмотров: 177

Жолаушылар оны eGov Mobile қосымшасы арқылы көрсете алады. Ол үшін авторизациядан өткен қолданушы «Цифрлық құжаттар» бөліміне кіріп, тізімнен жеке куәлікті таңдауы қажет.

Әуежайдың тіркеу бөлімінде, сондай-ақ ұшу алдындағы тексеруден өту кезінде сервисте жасалған QR-коды бар смартфонның экранын көрсету қажет. Бұдан бұрын цифрлақ жеке куәлік Нұр-Сұлтан, Алматы және Ақтобе әуежайларында енгізілген еді.

Дереккөз: ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 

Так же вам может быть интересно