Шымбұлақ әлемдегі ең үздік 5 шаңғы курортының тізіміне енді

✈️ Путешествия
16.01.2024
Просмотров: 240

Condé Nast Traveler Italia беделді италиялық журналы Алматыдағы тау шаңғысы курортын қысқы спорт түрлерін ұнататындар арасында  міндетті түрде баруы керек таңдаулы дестинация қатарына қосты.

Басылым Шымбұлақ тауы шаңғы курорты керемет атмосфера мен заманауи жайлылыққа ие деп атап өтіп, апре-скиді өткізіп алмауға кеңес берді. Яғни шаңғымен сырғанаудан басқа бұл дәмді тағам, заманауи отельдер, жақсы сервистің қолжетімділігі. Тізімде қазақстандық курортпен қатар Исландиядағы Тролль түбегі, Аляскадағы Денали тауы, Грузиядағы Казбеги және Жапониядағы Зао тау шаңғы курорты бар. Еске салсақ, бұған дейін Алматы New York Times нұсқасы бойынша 2024 жылы баруға тұрарлық 52 орын тізіміне кірген болатын.

Дереккөз: ҚР Туризм және спорт министрлігі 

Фото: Pixabay

Метки: Алматы

Так же вам может быть интересно