Швециялық өнертапқыштар Венеция каналдарын құтқаруға арналған ұшатын қайық ойлап тапты
Оның су асты қанаттары бар, ал қайықтың өзі су бетінде қалқып жүреді.
Электрлік қуатта жүзетін Candela C-7 қайығы моторлы қайықтарға қарағанда қозғалыс кезінде аз ғана толқын тудырады. Сондықтан оның қоршаған ортаға тигізетін әсері шамалы. Бұл Венеция үшін таптырмас шешім. Өйткені соңғы жылдары бұл әсем қаланың тарихи ғимараттарына құлау қаупі төніп тұр. Бәріне моторлы қайықтардың кесірінен пайда болатын толқындар кінәлі болып тұр. Ал енді бұл мәселенің шешімі табылған сияқты.