Шри-Ланкада табылған әлемдегі ең алып жақұт көпшілік алдына шықты
Салмағы 310 келілік асыл тас шамамен үш ай бұрын табылған. Жергілікті мамандар сараптамадан кейін оны таза жақұт екенін растаған. Десе де, ол халықаралық ұйымдар сертификациясынан өтуі тиіс.
Сондай-ақ сарапшылар асыл тастың құнын анықтайды. Айта кетейік, жақұт табылған Ратнапура қаласы Шри-Ланканың «асыл тастар астанасы» атағына ие. Былтыр оларды экспорттау нәтижесінде мемлекет қазынасына жарты миллиард доллар табыс түсті.
Дереккөз: Reuters