Шри-Ланкада табылған әлемдегі ең алып жақұт көпшілік алдына шықты

🌐 В мире
14.12.2021
Просмотров: 112

Салмағы 310 келілік асыл тас шамамен үш ай бұрын табылған. Жергілікті мамандар сараптамадан кейін оны таза жақұт екенін растаған. Десе де, ол халықаралық ұйымдар сертификациясынан өтуі тиіс.

Сондай-ақ сарапшылар асыл тастың құнын анықтайды. Айта кетейік, жақұт табылған Ратнапура қаласы Шри-Ланканың «асыл тастар астанасы» атағына ие. Былтыр  оларды экспорттау нәтижесінде мемлекет қазынасына  жарты миллиард доллар табыс түсті.

Дереккөз: Reuters 

 

 

Метки: Шри-Ланка

Так же вам может быть интересно