Шотландияда виски шығаратын зауытта жауапты қызметке ит тағайындалды

🌐 В мире
25.05.2021
Просмотров: 125
собака завод виски

Бұл жануардың жарылғыш және басқа да қауіпті заттарды табу, жоғалған адамдарды іздеу сияқты қызметтер тізіміне тағы біреуі қосылды. Рокко есімді бір жастағы кокер-спаниель Герван қаласындағы Grant’s Whisky зауытына жұмысқа тұрды. Оның басты міндеті —  ағаш бөшкелерінде ақаудың бар-жоғын тексеру.

Иттің иіс сезу қабілеті адамға қарағанда тұқымына қарай 10-100 000 есе күшті. Сондықтан Роккиге бұл жұмыс қиындық тудырмайтын сияқты. Айта кетейік, виски бөшкеде жетіп-өнуі үшін кемінде үш жыл қажет. Бұл уақыт ішінде онда ақау пайда болуы мүмкін. Рокки осы процессті қадағалайтын болады.

Дереккөз: National Geographic

Так же вам может быть интересно