Шавкат Рахмонов мансабындағы ең үлкен қаламақы алды

⚽ Спорт
19.12.2023
Просмотров: 131

Осы демалыста өткен UFC 296 турниреінде қазақстандық файтер америкалық Стивен Томпсонды жеңген болатын.

MMA Salaries мәліметі бойынша, осы жеңіс үшін 29 жастағы Рахмонов $306 мың алды. Оның ішінде жекпе-жекке шыққаны үшін – $150 мың, жеңгені үшін тағы $150 мың және демеушілік бонустары  — $6 мың құрады). Десе де, жеңілген Томпсонның қаламақысы Шавкаттан көбірек: америкалық $416 мың. Стивен промоушенде ұзақ уақыттан бері өнер көрсетіп келеді, бір кездері белбеу үшін де жұдырықтасқан, деп жазады Казинформ.

Так же вам может быть интересно