Шанхай тұрғыны айырылысып кеткен сүйіктісінен оған жұмсаған $9 мың талап етіп отыр

🌐 В мире
20.06.2022
Просмотров: 105

Бұл оқиға Қытайдың әлеуметтік желілерін шулатты.

Қолданушылар сараң жігіттің есте сақтау қабілетіне де таңғалып отыр. Себебі Шанхай тұрғыны бұрынғы қызына жұмсаған әрбір заттың, тіпті көрсеткен қызметтің тізімін жасаған. Мысалы, қыздың анасы науқастанып қалғанда, жігіт оған көмектескен. Тізімде тіпті екі бөтелке судың бағасы ескертілген. Десе де, жігіттің әділдігін де атап кеткен жөн: себебі мейрамханада екеуі де тамақтанғандықтан, ол қыздан шоттың жартысын ғана өз мойнына алуды талап етіп отыр.

Дереккөз: Oddity Central 

Фото: familiesforlife

Метки: Шанхай

Так же вам может быть интересно