Семей полигоны туралы телехикая халықаралық кинофестивальдің жеңімпазы атанды

🎬 Кино
17.01.2022
Просмотров: 78

«Полигон» атты режиссер Ахат Ибраевтың туындысы «Moscow Russia International Film Festival 2022» кинофестивалінің «Үздік телевизиялық мини-сериал» номинациясында жеңіске жетті.

Саяси детектив Семей ядролық полигонының жабылу тарихы туралы баяндайды. Алты бөлімнен тұратын телехикаяда басты рөлді Азамат Сатыблды сомдады. Халықаралық байқауға барлығы 23 номинация бойынша кинотуындылар қатысты.

Дереккөз: Хабар 24 

Так же вам может быть интересно