Сауль «Канело» Альварес Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізуге келісімін берді
Бұл туралы инсайдер Майк Коппинджер өз Туиттер парақшасында хабарлады.
«Канело Альварес екі жекпе-жек өткізуге келісті. Бірі – 7 мамырда ресейлік Дмитрий Биволға қарсы, екіншісі – 17 қыркүйекте GGG-ға қарсы кездесу. Бивол келісім-шартқа қол қойды, ал GGG әзірге келісімін берген жоқ»,
— деп жазды Коппинджер.