Сауль Альварес қазақстандық боксшымен спарринг өткізді

⚽ Спорт
03.05.2022
Просмотров: 109

Канело өз Инстаграм парақшасында ресейлік Дмитрий Биволмен жекпе-жекке қалай дайындалып жатқанын көрсетті.

Видеода Альварестың қазақ боксшысы Айдос Ербосынұлымен спарринг өткізген сәті көрсетілген. Ербосынұлы бірнеше қазақстанлық боксшымен бірге Сан-Диегодағы Сауль Альварестың лагерінде жаттығып жүр. Жақында мексикалық спортшы қазақстандық боксшылардың мықты екенін мәлімдеген болатын. Айта кетейік, «Канело» — Бивол жекпе-жегі Лас-Вегаста 7 мамырда (Қазақстан уақытымен 8 мамырда таңертең) өтеді.

Так же вам может быть интересно