Сауд Арабиясында әлемдегі алғашқы ұшатын мұражай ашылды
Археологиялық экспозиция ұшақтың салонында орналастырылды. Ұшақ Медина қаласының маңында орналасқан Аль-Улу атты тұрағына барады.
Ұшу барысында жолаушылар көрмені тамашалап, ежелгі жәдігер жайлы деректі фильм қарайды. Ұшатын музейді ұйымдастырушылар бірегей жоба арқылы археология мен тарихи жәдігерлерге қызығушылықты арттырмақшы. Аль-Ула — Мединадан 400 шақырым жерде орналасқан оазис. Ол маңызды сауда-саттық орталығы болған.
Дереккөз: Business Standard