Сауд Арабиясында 28 мың әйел пойыз жүргізушісі болуға өтініш білдірді
Бұл жұмыс орны нәзік жандар үшін алғаш рет ашылып отыр.
Жұмысқа 30 пойыз жүргізушіны алу көзделген. Сәтті үміткерлер Мекке мен Медина қалаларының арасында жүрдек пойызды жүргізетін болады. Айта кетейік, соңғы жылдары мұрагер ханзада Мұхаммед бин Сальман корольдікте реформалар енгізуде. Мысалы, әйелдерге көлік жүргізуге, шет елдерге жалғыз баруға, тіпті армияда қызмет етуге рұқсат берілді.
Дереккөз: BBC