Санта болып жүр: Арнольд Шварценеггер ардагерлерге 25 үй салып берді
Танымал актер мен Калифорния штатының бұрыңғы губернаторы соғыс ардагерлеріне Лос-Анджелесте 25 үй тұрғызып берді.
74 жастағы Шварценеггер осылайша Рождество мейрамын атап өтті. Қайырымдылық іс жасауға оған баласы Патрик көмектесті. Айта кетейік, Темір Арнидің өзі 18 жасында туған Австрияда армияда қызмет еткен болатын.
Дереккөз: Daily Mail