Сальвадор биткоинды валюта ретінде ресми түрде мойындады
Бұл туралы заң бүгіннен бастап күшіне енді. Осылайша Сальвадор криптовалютаны ресми төлем құралы ретінде таныған алғашқы мемлекет атанды.
Бұл шешім еңбек мигранттарына еліне ақша аудару кезінде миллиардтаған долларды үнемдеуге мүмкіндік береді деп күтілуде. Сальвадо валютаны айырбастау мақсатында 150 млн доллар жиналған қор құрды.