Сальвадор әлемде алғаш рет криптовалютаны заңдастырмақ

🌐 В мире
07.06.2021
Просмотров: 106
биткион сальвадор

Мемлекет басшысы  Найиб Букеле биткоинды ұлттық валюта статусын бермек. Егер Конгресс президенттің ұсынысын қабылдаса, Сальвадор криптовалютаны заңдастырған әлемдегі алғашқы мемлекет атанады.

найиб букеле
Сальвадор президенті Найиб Букеле

Айта кету керек, Сальвадорда әлі күнге дейін өзінің ұлттық валютасы жоқ. Оның орнына АҚШ доллары қолданылып келеді. Президенттің ойынша, биткоинды заңдастырғаннан кейін шетелде жұмыс істеп жүрген ел тұрғындары үшін жақындарына ақша аудару жеңілдейді. Сальвадордың 70% тұрғындарының банк шоттары жоқ екен.

Дереккөз: BBC

Так же вам может быть интересно