Сахарада қар жауды

🌐 В мире
21.01.2022
Просмотров: 68

Әлемнің ең үлкен шөлінде ауа 0 °C-тан төмен түскен.

Түскен қар дөңдерде көз тартарлық өрнек қалдырды. Бұл ерекше құбылыс Сахарада 43 жыл ішінде бесінші рет орын алып отыр. Бұған дейін қар бұл шөлде 1979, 2016, 2018 және 2021 жылдары жауған. Ғалымдар биыл қардың түсуі Орталық Азиядан келген антициклонмен байланыстырады. Айта кетейін, әдетте «шөл қақпасы» деп аталатын Айн-Сефра қаласында жазғы температура 37 °C  деңгейінде тұрады.

Дереккөз: BBC

Метки: Сахара

Так же вам может быть интересно