Әлемдегі ең ұзақ құрылыстардың бірі 144 жылдан кейін аяқталмақ
Барселонадағы Саграда Фамилия храмы 1882 жылы салына бастады. Құрылыс жұмыстары 2026 жылға дейін аяқталады деп күтілуде. Бұл үшін қаржы да, материалдар да бар.
Нәтижесінде Антонио Гаудинің туындысы 172 метр биіктікке көтеріледі және Барселонадағы ең биік ғимаратқа айналады. Sagrada Familia — Барселонаның ең танымал бағыты, оны тамашалауға жылына үш миллионнан астам адам келеді.
Дереккөз: The Guardian
Фото: iStock