Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО-ның даталар күнтізбесіне енгізілді

📚 Культура
28.02.2022
Просмотров: 103

Сондай-ақ, Алматы қаласында Қалдаяқов пен Төле би көшелерінің қиылысында Роза Бағланованың ескерткіші орнатылады.

Ал Нұр-Сұлтан қаласындағы музыка мектептерінің біріне Роза Бағланованың есімін беру және әншінің бюстін орнату жоспарланып отыр. Жалпы қазақ халқының бұлбұлы, әйгілі әншінің 100 жылдық мерейтойына орай елімізде 400-ге жуық іс-шара өткізіледі. Роза Бағланова 1922 жылдың 1 қаңтарында дүниеге келген. Өмірінің 70 жылын сахнаға арнаған. Ұлы Отан соғысы кезіндегі қайсарлығы үшін Роза Бағланова «Жауынгерлік ерлігі үшін» және «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған.

Дереккөз: Спутник 

Так же вам может быть интересно