Робот-адвокат алғаш рет сотта жауапкерді қорғайды
DoNotPay (Ақша төлеме) атты стартап жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін робот-адвокатты ойлап шығарды. Виртуалды көмекші жол ережесін бұзған клиентті сот алдында қорғайды.
Робот-адвокат сотты тыңдап шығып, жауапкерге заңға негізделген кеңес береді. Стартап басшылары бұл істі тәжірибе ретінде алып, сотта жеңілген жағдайда клиентке айыппұлдың толық сомасын өтеуге міндеттелді. Олардың айтуынша, адвокаттардың басым бөлігі дайын тұрған заң құжаттарын көшіріп алғаны үшін қомақты ақша сұрайды. Компанияның басты мақсаты – тұтынушылардың заңгерлік қызметтерге жұмсайтын $200 млрд үнемдеу.
Дереккөз: NYPost
Фото: Getty Images