Рианна ақшасын өзі тапқан ең жас миллиардер әйел атанды

💎 Селебрити
08.07.2022
Просмотров: 100

Жақында алғашқы рет ана атанған Рианна жаңа мәртебеге ие болды.

34 жастағы әншінің байлығы $1,4 млрд құрайды. Бұған дейін 24 жастағы кәсіпкер Кайли Дженнер ең жас миллиардер болып саналса, қазір оның байлығы $600 млн-ға бағаланып отыр. Рианна табысының басым бөлігін музыка арқасында емес, бизнес арқылы тапты. Оның іш киім желісі мен Fenty Beauty, Fenty Skin косметикалық брендтері бар. Десе де, Рианна ақша ол үшін жалғыз мақсат емес деп мәлімдейді. Ол үшін істеген ісінен ләззат алу әлдеқайда маңызды.

 

Метки: Рианна

Так же вам может быть интересно