Ресейлік блогерлер өзін тегін жеткізген такси жүргізушісіне су жаңа көлік сыйлады

⌚ Lifestyle
26.11.2021
Просмотров: 219

Гусейн Гасанов пен Арутюн Назарян әлеуметтік эксперимент жасап, видеоны Инстаграмда жариялады.

Блогерлер Мәскеу көшелерінің бірінде такси ұстап, жүргізушілерден тегін жеткізіп салуды сұраған. Алдын-ала жігіттер келіскен адамға жаңа көлік сыйлатынын айтты. Бірнеше таксист өтінішті орындаудан бас тартты. Тек бір ғана такси жүргізушісі тоқтап, блогерлерді тегін жеткізіп салуға келісті. Ол Қырғызстан азаматы болып шықты. Кейдейсоқ олжаға кенелген такси жүргізушісі көз жасын жасыра алмады. Белгілі болғандай, ол көлік жалдап ақша табады, оның отбасы, екі баласы бар.  “Жақсылық міндетті түрде өзіңе қайтады. Бұған дейін бас тартқан таксистер қандай табыстан қағылғанын білмейді”, – деді блогер Гусейн Гасанов. Ал желі қолданушылары мәрт жігіттерге ризашылығын білдіріп жатыр.

Так же вам может быть интересно