Референдумға 2 күн қалды: Алматыда 5 маусымда көлік тұрағы тегін болады

Alan Parking және «Алматыспецтехпаркинг» компанияларының мәліметінше, референдум күні алматылықтар базарлардың жанындағы қоршалған алаңдарда орналасқан тұрақтар мен тротуар типті тұрақтар үшін ақы төлемейді.
Ал Атырауда 5 маусымда қоғамдық көліктер жолаушыларды тегін тасымалдайды. Еске салсақ, Конституцияға өзгерістер енгізуге 18 жастан асқан барлық Қазақстан азаматы қатыса алады. Ресми дауыс беру уақыты — жергілікті сағат бойынша таңғы 7:00- де басталып, кешкі 20:00-де аяқталады.