Қызылордада аула сыпырушылар енді автобуспен тегін жүреді
Бұл туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев мәлімдеді.
Санитарлық тазалау ұйымының қызметкерлері қоғамдық көлікпен күн сайын жүруге тура келетінін, және бұл қалтаға салмақ түсіретінін айтып, шағымданған. Қала басшылығы қысы-жазы, ауа-райына қарамастан тазалықты сақтауға өз үлесін қосатын «Қызылорда тазалығы» қызметкерлеріне алғысын білдірді. Айта кетсек, Қазақстанда көпбалалы аналар мен ардагерлерге жеңілдік беріледі. Олар әлеуметтік маңызы бар, сондай-ақ қалалық (ауылдық) және қала маңына қатынайтын тұрақты автокөлік бағдарларында тегін жүре алады.