Қытайлық әйел Louis Vuitton бутигіндегі тәкаппар сатушылардан кек алды

👠 Мода и стиль
23.08.2024
Просмотров: 153

Қызметкерлер оның қолма-қол ақшасын санауға екі сағат жұмсағаннан кейін ол сатып алудан бас тартты.

Чунцин тұрғыны екі ай бұрын Louis Vuitton дүкеніне барған, алайда сатушылар оған немқұрайлылық танытқан. Сұраған суын әкелмеген және жаңа топтаманың орнына ескісін ұсынған. Екі айдан кейін әйел бутикке қайта келіп, 35 млн теңгеге киім таңдаған және қолма-қол ақша беретінін айтқан. Ал екі сағаттан кейін сатушылар ақшаны санап болғанда, ештеңе алмаймын деп кетіп қалған.

Дереккөз: South China Morning Post 

Фото: louisvuitton.com

Так же вам может быть интересно